КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ДАЛАЛЫҚ ОҚУ-ЖИЫНЫ АЯҚТАЛДЫ

🇰🇿ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірлесуімен колледжіміздің 1 курс студенттерінің Бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің аяқталуына байланысты оқу- далалық жиын өз мәресіне жетті.

📌Бес күндік далалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - қарулы күштердің мәртебесін арттыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

🇰🇿Қоғамның армиямен байланысын нығайту, әскери қызметшілер бойында қазақстандық патриотизм, интернационализмді қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет етуді мақтан тұту, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүріне, әскери борыш пен әскери антқа адалдық сезімдерін тәрбиелеу - әскери тәртіпті, тұтастай алғанда, ұрысқа әзірлікті күшейтуге осы әскери-далалық жиыны ықпал етеді. Жиын барысында әскери базасында жаттығу алаңдары, әскери техника мен қару жарақ түрлерімен танысып, әскери іс-қимылдар мен жауынгерлік дайындықтың түрлерінен көрініс көрсетілді. Биылғы далалық оқу-жаттығуға колледжіміздің 227 ер балалары қатысты.

💐Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік, іргесін берік, бірлігін бекем ету - осындағы барлық азаматтың басты борышы.

Коментарии

Необходимо авторизоваться для просмотра комментариев.