Ректор Наурыз мерекесімен - 2023 құттықтайды!

Қымбатты студенттер, оқытушылар! Құрметті әріптестер!

Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл тек әсем табиғаттың жаңару мерекесі ғана емес, сондай-ақ рухани және мәдени мереке. Бұл – әртүрлі діни ағымдағы ұлттар мен ұлыстарды, олардың мәдени дәстүрлерін біріктіретін күн. Бұл күні біз өзара бірлік пен келісімді сезіне отырып, үлкен ата-бабаларымызға, отбасылық құндылықтарға құрмет көрсетеміз, қонақжайлылық танытамыз.

Жаңа жылдың бастауы, жақсылықтың жаршысы атанған қасиетті әз-Наурыз әрқайсымызға жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Бастаған әрбір істеріңізге сәттілік, отбасына аманшылық пен береке-бірлік тілеймін! Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ізгі тілекпен,

Сәтбаев Университетінің Ректоры

Мейрам Бегентаев

Коментарии

Необходимо авторизоваться для просмотра комментариев.