«IT PROJECT – 2023» тақырыбында ІТ-жобалар байқауы өтті.

Облыстық оқу орталығы(әдістемелік кабинет)және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Педагог кәсібилігі: ізденіс, шыңдалу, нәтиже» апталығы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «IT PROJECT – 2023» тақырыбында ІТ-жобалар байқауы өтті.

📌Байқаудың мақсаты – жастардың ІТ саласындағы қабілетін арттыру.

📚 «IT PROJECT – 2023» жобасы аясында «Менің бизнесімдегі ІТ-шешім», «Контент және медиа», «Web-дизайн», «Компьютерлік графика және 3D модельдеу» бағыттары бойынша жұмыс жасалды. Байқауға Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Мұқанғали Темірхан Талғатұлы және «Цифрлық дизайн» бөлімінің басшысы Жылқышиев Ержан Жақсылықұлы, колледж директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Абжаппаров Фархад Оразалыұлы әділқазылық жасады.

💐Қатысушылар арасынан үздік жобалар анықталып, жүлделі орындармен марапатталды. Сонымен қатар, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Коментарии

Необходимо авторизоваться для просмотра комментариев.