Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Сәтбаев Университетінде 31 мамыр – Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихымыздың қасіретті кезеңі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге университетіміздің профессорлары, елімізге танымал қоғам қайраткерлері және студенттер қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар 30-жылдардағы ашаршылық құрбандарын мәңгі есте қалдыру және сол кездегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін, не істеу керектігі жөніндегі ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстел барысында профессор Досалы Салқынбек «Қазақтың ар-намысы» атты тақырыпта баяндама жасады.

Коментарии

Необходимо авторизоваться для просмотра комментариев.