Құпиялылық саясаты

«CareerHub.kz» ақпараттық жүйесінің дербес деректерді өңдеуге қатысты құпиялылық саясаты

1. Жалпы ережелер

Осы дербес деректерді өңдеу саясаты «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы N 94-V Заңының талаптарына сәйкес жасалған және «CareerHub.kz» ЖШС (бұдан әрі – ұйым) жүзеге асыратын дербес деректерді өңдеу тәртібі мен дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын айқындайды.

1.1. Ұйым өзінің қызметін жүзеге асырудың маңызды мақсаты мен шарты ретінде адамның және азаматтың дербес деректерін өңдеу кезінде оның құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде жеке және отбасылық құпияны, жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын қорғауды қояды.

1.2. Дербес деректерді өңдеуге қатысты осы саясат (бұдан әрі – Саясат) «CareerHub.kz» ақпараттық жүйесі АЖ арқылы өңделетін барлық ақпаратқа қолданылады.

2. Саясатта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2.1. Дербес деректерді автоматтандырылған өңдеу – есептеуіш техника құралдарының көмегімен дербес деректерді өңдеу;

2.2. Дербес деректерді бұғаттау – дербес деректерді жинауды, жинақтауды, өзгертуді, толықтыруды, пайдалануды, таратуды, иесіздендіруді және жоюды уақытша тоқтату бойынша әрекеттер;

2.3. Дербес деректер жиынтығы — дерекқорларда қамтылған дербес деректердің және оларды өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдардың жиынтығы;

2.4. Дербес деректерді иесіздендіру — қосымша ақпаратты пайдаланбай, дербес деректердің нақты дербес деректер субъектісіне тиесілігін анықтау мүмкін болмайтын әрекеттер;

2.5. Дербес деректерді өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған әрекеттер;

2.6. Дербес деректер – АЖ-де өңделетін, белгілі бір немесе олардың негізінде айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты мәліметтер;

2.7. Дербес деректерді ұсыну – белгілі бір тұлғаға или белгілі бір тұлғалар тобына дербес деректерді ашуға бағытталған әрекеттер;

2.8. Дербес деректерді тарату – белгісіз тұлғалар тобына дербес деректерді ашуға (дербес деректерді беру) немесе шексіз тұлғалар тобының дербес деректермен танысуына бағытталған кез келген әрекеттер, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында дербес деректерді жариялау, ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде орналастыру немесе қандай да бір өзге тәсілмен дербес деректерге қол жеткізуді қамтамасыз ету;

2.9. Дербес деректерді трансшекаралық тасымалдау – дербес деректерді шет мемлекеттің аумағына шет мемлекеттің өкімет органына, шетелдік жеке немесе шетелдік заңды тұлғаға беру;

2.11. Дербес деректерді жою – нәтижесінде дербес деректер ақпараттық жүйеде қайта қалпына келтіру мүмкіндігінсіз біржолата жойылатын және (немесе) дербес деректердің материалдық тасымалдаушылары жойылатын кез келген әрекеттер;

2.12. «CareerHub.kz» ЖШС - субъект, меншік иесі және (немесе) дербес деректер операторы болып табылмайтын, бірақ дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау бойынша мән-жайлармен немесе құқықтық қатынастармен байланысты үшінші тұлға болып табылатын ұйым;

2.13. Дербес деректер субъектісі (немесе оның заңды өкілі) – дербес деректер қатысты болатын жеке тұлға;

2.14. Оператор - субъектінің дербес деректерін жинауды және қорғауды жүзеге асыратын мекемелер.

3. АЖ-де субъектінің келесі дербес деректері өңделуі мүмкін:

  • 3.1. Тегі, аты, әкесінің аты;
  • 3.2. Электрондық пошта мекенжайы;
  • 3.3. Телефон нөмірлері;
  • 3.4. Туған жылы, айы, күні және туған жері;
  • 3.5. Фотосуреттер;
  • 3.6. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері;
  • 3.7. Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі, салық есебіне қойылған күні, салық органында есепке қойылғаны туралы куәліктің деректемелері;
  • 3.8. Жынысы;

4. Дербес деректерді өңдеу мақсаттары

4.1. Дербес деректерді өңдеудің мақсаты - көрсетілген медициналық көмек көлемі туралы уақтылы және сенімді ақпарат беруді қамтамасыз ету, таңбаланған дәрілік заттарды есептен шығаруды бақылау механизмінің ашықтығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін иесіздендірілген статистикалық ақпаратты қалыптастыру.

5. Дербес деректерді өңдеудің құқықтық негіздері

АЖ дербес деректер субъектісінің Операторға берген келісімі негізінде субъектінің дербес деректерін өңдейді.

6. Дербес деректерді жинау, сақтау, беру және өңдеудің басқа түрлерінің тәртібі

6.1. АЖ-де өңделетін дербес деректердің қауіпсіздігі дербес деректерді қорғау саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын толық көлемде орындау үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі.

6.2. АЖ пайдаланушысы дербес деректердің сақталуын қамтамасыз етеді және уәкілетті емес тұлғалардың дербес деректерге қол жеткізуін болдырмайтын барлық мүмкін шараларды қабылдайды.

6.3. Субъектілердің дербес деректері, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ешқандай жағдайда третьим лицам (үшінші тұлғаларға) берілмейді.

6.4. Дербес деректерді өңдеу мерзімі шексіз.

7. Дербес деректерді трансшекаралық тасымалдау

7.1. Субъектілердің дербес деректері трансшекаралық деректерді тасымалдауға жатпайды.

7.2. Шет мемлекеттердің аумағында дербес деректерді трансшекаралық тасымалдау дербес деректер субъектісінің өзінің дербес деректерін трансшекаралық тасымалдауға жазбаша нысандағы келісімі болғанда және/немесе субъектісі тарабы болып табылатын шартты орындау кезінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

8. Корытынды ережелер

8.1. Дербес деректер субъектісі электрондық пошта арқылы АЖ иесіне хабарласу арқылы өзінің дербес деректерін өңдеуге қатысты қызықтыратын сұрақтар бойынша кез келген түсініктемелерді ала алады.

8.2. Осы құжатта дербес деректерді өңдеу саясатының кез келген өзгеруі шағылысады. Саясат жаңа нұсқасымен ауыстырылғанға дейін мерзімсіз қолданылады.

8.3. Саясаттың өзекті нұсқасы Интернет желісінде careerhub.kz мекенжайы бойынша еркін қолжетімділікте орналасқан.

9. Саясаттың қолданылуын шектеу

Осы Саясаттың қолданылуы третьих лиц (үшінші тұлғалардың) әрекеттеріне және интернет-ресурстарына қолданылмайды.