«ХХІ ғасыр жастары: білім, ғылым, инновациялар» атты студенттердің облыстық ғылыми-зерттеу жобалар байқауы

Облыстық оқу орталығы(әдістемелік кабинет) және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Филология» бөлімінің ұйымдастыруымен «Филологиялық ғылымдар: Ізденіс. Озат тәжірибе. Жетістікті нәтиже» атты апталық аясында «ХХІ ғасыр жастары: білім, ғылым, инновациялар» атты студенттердің облыстық ғылыми-зерттеу жобалар байқауы болып өтті.

Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты – студенттердің зияткерлік-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру

🔘Негізгі бағыттары:

1)Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану – заман талабы

2)Құндылық басымдықтары және жастардың қоғамдық санасын жаңғырту

3)Көптілді білім беру – көптілді тұлғаны қалыптастырудың негізі

💐Қазақ тілі және орыс тілін пәнін жетік меңгерген, дарынды білім алушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып отырған білім бәсекесіне қаламыздағы орта арнаулы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан білімді жастар қатысып, бақ сынады. Ғылыми-зерттеу жобалар байқауына білім беру ұйымдарынан озат тәжірибелі мамандар төрелік жасады.

📯 Әділқазы алқасының әділ бағалауымен нәтижесінде:

🥇➢ І орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті Нұрхан Диана,

🥈 ➢ ІІ орынды Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенті Тобжанова Ақмаржан және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті Тілеуова Гүлдана,

🥉➢ ІІІ орынды Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенті Мұратұлы Мұхамеждан, Болашақ жоғары колледжінің студенті Серік Арайлым және Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің студенті Әлімбаева Ұлболсын иеленді.

Орыс тілі пәні бойынша:

🥇➢ І орынды И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің студенті Қалдыбай Дамир,

🥈 ➢ ІІ орынды Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенті Менлаев Рамазан,

🥉➢ ІІІ орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті Данияр Раушан иеленіп, Алғыс хатпен марапатталды.

Коментарии

Необходимо авторизоваться для просмотра комментариев.