«Мәншүк құрамасы» командасы Жайдарман ойындарынан 1 орын иегері атанды

Н.Бекежанов атындағы Қызылорда қазақ академиялық драма театры сахнасында қыркүйек айында бастау алған Жайдарман ойындарынан өңірлік «Super liga» лигасының ақтық ойыны өтті. Финалда колледж намысын қорғаған «Мәншүк құрамасы» командасы көрермен ықыласына бөленіп, 1 орын иегері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, қазірде колледж командасы республикалық «Номад» көшпенді ойындар лигасында өнер көрсетеді. Сыр елінде өткен алғашқы ойында колледж командасы толық 5 ұпаймен келесі айналымға өтіп, сондай-ақ, 2024 жылы Астана қаласында өтетін маусымашарда «Чемпиондардың чемпионы» ойынына жолдама жеңіп алды.

Облыстық жайдарман ойындарының 2023 жылғы чемпионы атанған білім алушыларымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Коментарии

Необходимо авторизоваться для просмотра комментариев.