Педагогикалық оқулар

Атырау индустриалды колледжінде «Цифрлық қоғамдағы білім берудің жаңа талаптары мен мүмкіндіктері: заманауи трендтер мен инновациялық тәжірибелер» тақырыбындағы колледжішілік педагогикалық оқу ұйымдастырылды.

Мақсаты: 

- педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін жетілдіру;

- Педагогтің кәсіби деңгейін дамыту;

- озық педагогикалық тәжірибені анықтау және 

насихаттау;

 - білім сапасын арттыруда оқыту технологияларын және оқыту платформаларын тиімді қолдану.

 Педагогикалық оқуға төмендегі ИПқызметкерлер қатысты:

Ибраш С.И. – информатика пәнінің оқытушысы;

Доскалиев А.Ж. – информатика пәнінің оқытушысы;

3. Умирханова Л.А. – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы;

4. Салауатова Г.С. – ағылшын тілі пәнінің оқытушысы;

5. Кутмамбетов А.М. – арнайы пән оқытушысы;

6. Сағижан Б.Б. – өндірістік оқыту шебері;

7. Амангалиев С.П. – өндірістік оқыту шебері;

8. Кабдолова А.Т. – өндірістік оқыту шебері;

Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру кезінде – болашақ маманға және кәсіптік бәсекелестікке төтеп бере алатын өз мамандығына ыңғайлы, қабілетті, ерекше тұлға қалыптастыруда «Цифрлық қоғамдағы білім берудің жаңа талаптары мен мүмкіндіктері: заманауи трендтер мен инновациялық тәжірибелер» тақырыбындағы колледжішілік педагогикалық оқуға қатысушыларды марапаттады.

«Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының өндірістік оқыту шебері, педагог-модератор Б.Б.Сағижан 1 орын;

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Л.А.Умирханова 1 орын;

«Дәнекерлеу ісі» мамандығының өндірістік оқыту шебері А.Т.Кабдолова ІІ орын;

Қалған қатысушыларымыз 3 орынмен және Алғыс хатпен марапатталды.

І орынға иеленген өндірістік оқыту шебері Ботакөз Беркінқызына облыстық педагогикалық оқуға жолдама берілді. 

Коментарии

Необходимо авторизоваться для просмотра комментариев.