«Колледж – Ата-ана – Студент» тақырыбында ата-аналар жиналысы
КОЛЛЕДЖ-АТА-АНА-СТУДЕНТ
2024 жылдың 25 сәуірінде «Колледж – Ата-ана – Студент» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста студенттердің колледж өмірінен сөз қозғалып, туындаған мәселелерді бірлесе отырып шешімін табу керектігі айтылды.
Сонымен қатар еліміздегі қасреттің бірі «Сыбайлас жемқорлық» бойынша колледждің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша комплаенсы Ж.Жұмашев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған заңнама талаптарымен таныстырды. Заңдылықты талдап көрсетіп, колледжде сессия кезінде академиялық адалдықтың сақталуын басты назарға алып отырғандығы айтылды.
Коментарии
Необходимо авторизоваться для просмотра комментариев. Войти