Үйде ыңғайлы жұмыс орнын жасаймыз: кәсіпқойдан 6 кеңес

Қашықтан жұмыс жасау бүгінде нормаға айналуда. Өнімділік төмендемеу үшін жұмыс орныңызды сауатты орналастырып, атмосфера құруды ойлаңыз. Пайдалы кеңестермен бөлісеміз:

1. Тыныш, жеке орынды таңдаңыз

Тыныштықта, жеке бөлмеде жұмыс жасасаңыз, назарыңыз артады. Ондай мүмкіндік болмаса, терезе жаққа орналасқаныңыз жөн.

2.Жарыққа көңіл бөліңіз

Жұмыс орныңызды таңдағанда жарыққа ерекше назар аудару қажет. Табиғи жарық түсіп тұрса, тіптен керемет.

3.Пәтердің ауданын қарастырыңыз

Бір бөлмелі пәтерде жұмыс орнын ұйымдастырудың тамаша нұсқасы- жиналмалы үстел мен орындық. Қажетті заттар қолжетімді жерде тұрғаны дұрыс.

4.Аудандастыруды қолданыңыз

Жұмыс аймағын бөлмеңізден бөлу үшін ширманы пайдаланыңыз. Интерьеріңіз де сәтті шығады.

5.Тек ыңғайлы жиһаз сатып алыңыз

Жиһазды таңдағанда, эстетикадан бөлек функционалдық қасиеттерін ескеріңіз. Орындық арқасы орташа қатты болуы да маңызды.  

6.Қабырғаларды безендіріңіз

Жұмыс үстеліңіз қабырғаның алдында тұрса, бос қабырғаға қарамау үшін бірнеше картиналар, плакаттар немесе фотосуреттер іліп қойған дұрыс

Коментарии

Необходимо авторизоваться для просмотра комментариев.