
Оқу өндірістік бөлімнің аймақ көлеміндегі мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілуде
Оқу өндірістік бөлімнің аймақ көлеміндегі мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес:
Н.Ергешбаев атындағы №172 орта мектебінде Жансая Ағысова, Айнұр Қарамұрзаева және кәсіптік білім беру мамандығының 3 курс студенті Фариза Нұрлан,
Талсуат ауылдық елді мекені, №178 орта мектебіНде Ұлжан Есмаханова және Шынар Керейбаева,
С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебінде Жұлдыз Боранбаева және Асель Жунисова
Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектебінде Меруерт Сақтапбергенова, Айдана Қалилаева, Айдана Асылбекова мектеп түлектеріне кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.
Аталған шараға оқу орны оқытушылары арнайы барып, түлектер қауымына кәсіби бағдар аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нақты айтқанда «Кәсіби бағдар» аясында оқуға түсудің ережелері мен алғышарттары, басымдықтары турасында толыққанды мәлімет берілді.
Сондай-ақ М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде білім алудың артықшылықтары және ерекшеліктері бойынша бейнероликтер, презентациялық материалдар таныстырылды.
Коментарии
Необходимо авторизоваться для просмотра комментариев. Войти