«Сыр әуендерінің оқу мен тәрбие үдерісіндегі пәнаралық байланысы» тақырыбында шеберлік сағаты өтті

💐Оқу-өндірістік жұмыстардың жылдық жоспары аясында «Музыкалық аспаптар» ПЦК-ның оқытушысы, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», педагог-зерттеуші Айқын Кенжеғараеваның қалалық деңгейде «Сыр әуендерінің оқу мен тәрбие үдерісіндегі пәнаралық байланысы» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

📌Мақсаты: Балалар шығармашылығына елеулі үлес қосып, жаңа әндер жазып жүрген тәжірибелі музыканттар, педагог-сазгерлердің шығармашылықтарымен таныстыра отырып, тәжірибе алмасу және әріптестік байланысты нығайту.

💐Шараға Ғ.Мұратбаев атындағы №171 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі сазгер ҚР мәдениет саласының үздігі Сәкен Шенимов, С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі сазгер С.Қарапаев, «Бегім- ана» балабақшасының музыка жетекшісі А.Еспенбетова, №8 «Бүлдіршін» балабақшасының музыка жетекшісі Б.Жумабекова, Т.Есетов атындағы №264 мектеп – лицейінің балалар хоры жетекшісі А.Алпысбай, Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейнің оқушылары жетекшісі М.Абнасирова және колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

💐 Шеберлік сағаты қонақтарды салтанатты түрде күтіп алумен басталып, «Музыкалық білім беру» мамандығының жігіттер квартетінің орындауында «Жарапазан» әні шырқалды. Шеберлік сағатын колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызы ашып, шараға қатысушы қонақтарымызға, пән оқытушыларына жылы лебізін білдірді.

💐Балабақшадағы және мектептегі байқау сабақтары мен дипломалды практикасы аясында өткен семинар жұмысына бірқатар білікті мамандар қатысып, музыкалық білім беру мамандығы аясында өз тәжірибелерімен бөлісіп, пәнаралық байланыс үшін алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, Хор пәні бойынша С.Қарапаевтың «Бейбітшілік маршы» әнін «Gold» хор ұжымы (жетекшісі: С.Күздібаева) және «Өнер» бөлімінің өнерпаздарының сүйемелдеуімен жергілікті сазгерлердің әндері шырқалды. Шеберлік сағаты барысында педагог-зерттеуші Айқын Кенжеғараева Emaze сайты арқылы Виртуальды мектеп презентациясымен таныстырып өтті.

💐«Рефлексия» кезеңінде өздерінің бүгінгі семинардан алған әсерлерін jamboard тақтасында QR код арқылы кері байланыс жасап, шеберлік сағатына қатысушылар «Еркін микрофон» алаңында бас қосты. Шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушылар колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Коментарии

Необходимо авторизоваться для просмотра комментариев.